Басты жаңалықтар
Денистің өліміне қатысты іс: әйелге қандай айып тағылғаны белгілі болды
- автор kyn.kz
- 14 қыркүйек, 2018
- 653
Тергеу амалдары әйелдің қылмыс жасалған кезде сол жерде болғанын, қатысы барын анықтады.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша үш адамға айып тағылып отыр. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді.
"Екі қылмыскерге ұрлық, қарақшылық және адам өлімі бойынша, ал әйелге қылмыс жасалғанын хабарламағаны үшін айып тағылды. Іс жақын арада, қыркүйектің соңына дейін сотқа жіберіледі", — деді министр ОКҚ-де өткен брифингте.
Еске сала кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапты. Оқиға түскі үштер шамасында болған. Спортшы тұрақта тұрған көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түседі. Арада жанжал басталып, салдарынан Денис Тен пышақ жарақатын алады.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




