Басты жаңалықтар
Алматыда туыс қызын зорлады деп айыпталған жігіттің жүрегі шыдамай, тоқтап қалды
- автор kyn.kz
- 14 қыркүйек, 2018
- 919
10 ай бойы т үрмеде жазасын өтеп жатқан азаматтың жүрегі шыдамай, ол соттың алдында көз жұмды
Оқиға желісімен: Өткен жылы ер азамат 13 жастағы туыс қызын зорлады деп айыпталды. Бірақ кейін оның күнәсі жоқ екені анықталады.
Алайда іс сотқа кетіп қалғандықтан, мемлекеттік айыптаушылар оны 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Десе де, сот ер адамның кінәсіздігін анықтап, еркіндікке жіберді.
Бірақ соттың шешімін дұрыс емес деп таныған мемлекеттік айыптаушылар бұған келіспей, прокурор аппеляциялық шағым түсірді.
Аппеляцялық сот 5 қыркүйекке қойылды. Кейін 12 қыркүйекке ауысты. Алайда айыпталушының жүрегі шыдамай көз жұмды.
Әйелінің айтуынша, ол көп уайымдаған.
"10 айды түрмеде өткізді. Түнде жүрегі қатты ауырды”, – дейді әйелі.
Ер адамның өліміні инфаркт алуы себеп болды. Әйелі оның өліміне сот-медициналық сарапшылардың қорытындысы, қыздың сөзінен айнығанын дер кезінде қабылдамаған тергеушінің ісі, сот ақтағанымен қайта қаралғаны себеп болды деп отыр.
Өзі де жүкті болып, кейін баласынан айырылып қалған. Енді осының бәріне жауаптыларды жазаға тартуды қалайды.
Келесі мақала
Қалмұханбет Қасымов қашан отставкаға кететінін айтты
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




