Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айнұр Тұрсынбаева: Менімен тек ата-әжелер ғана суретке түседі (видео)

Айнұр Тұрсынбаева: Менімен тек ата-әжелер ғана суретке түседі (видео)
ашық дереккөз
Ақын Айнұр Тұрсынбаева өзімен суретке түсетін жанкүйерлері туралы айтып жұртты қызу талқыға салды 
Айнұр Тұрсынбаева көп жағдайда суретке түсу ұсынысы ата-әжелердің тарапынан түсетінін жасырмады. Ал жастар ішінде тек ата-апаларының өтінішін орындағысы келетіндердің селфиге сұранатынын ашық айтты. “Әйтеуір тойға барсақ фотоға еркектер Еркемен түседі, қыздар Қайратпен түседі, келіншектер Мейрамбекпен түседі, апайлар Досымжанмен түседі, ағалар Алтынаймен түседі, балалар Сәкенмен түседі. Менімен түсетін сол апалар мен аталар.. Жастар да түседі әрине, бірақ “сізді қайтыс боп кеткен атам қатты жақсы көретін еді немесе сіздің суретіңізді көрсетіп апамды қуантайыншы” дейді. Айналып кетейін апалар мен аталардан. Бүгін Павлодарға атақты ақын Аспанбектің қалыңдығын ұзатуға келсем Сәкен келмей қалыпты, соны пайдаланып балалармен емін-еркін түсіп алдым. Ал, тағы кімнің апасы мен атасы мені жақсы көреді, жазыңыздар!” – дейді ақын. https://www.instagram.com/p/Bnra5YLHU3q/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар