Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Өтініш, фонограммамен айта беріңізші:  Жанды дауыста ән салған Сейфуллин Жолбарыс ұятқа қалды (видео)

Өтініш, фонограммамен айта беріңізші:  Жанды дауыста ән салған Сейфуллин Жолбарыс ұятқа қалды (видео)
ашық дереккөз
Жанды дауыста ән айтпақ болған Сейфуллин Жолбарыстың басы дауға қалды.
https://www.instagram.com/p/BnrL72Bl25R/?utm_source=ig_web_copy_link Желі қолданушыларының басым бөлігі Сейфуллинге “фонограмманың арқасында жүр” деп кінә тақты. “Дым даусы жоқ, тақпақ айтып жатыр ма, осындайларды сахнадан қуу керек, фонограммамен айтып, халықты алдайды”, “Дауыс расында да жоқ, енді мойындау керек”, – деп жазып жатты. Ал кей оқырмандар болса, керісінше, жанды дауыста айтып ұятқа қалғанша, фонограмманың көмегіне жүгінуге кеңес берген. “Даусы жоқ әншілер, осылай өздерін мазақ қылып шықпай-ақ, фонограммамен айта беріңдерші өтініш”, – деді бірі. Бейбіт Көшқалиев болса,  Сейфуллин Жолбарыстың талай мәрте өз талантын мойындағанын айтып, әріптесін ақтап алуға тырысты. “Енді бүгін сондай боп қалған шығар. Бұл Кісі 100% жанды дауыста, музыканттармен “Азия Дауысын” жеңіп алған. Кезінде Асылбек Еңсеповке жазған музыкаларын қарап шықсаң, мынадай жазбас едің. Сен демек түсінбейсің! Бетіне барып айта алмасаң, мында жазба, анау- мынау деп. Ұят болады!” – деп жауап берді ол желі қолданушыларының біріне.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар