Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Денесінің 50 % күйіп қалған: Ақтөбеде болған жойқын жарылыстан бір адам көз жұмды

Денесінің 50 % күйіп қалған: Ақтөбеде болған жойқын жарылыстан бір  адам көз жұмды
ашық дереккөз
Ақтөбеде жанар-жағармай базасында көлік жарылып үш адам зардап шекті. Солардың бірі алған жарақатына байланысты жантәсілім етті

Жанар-жағармай базасында көлік жарылып,  үш адам зардап шекті.

Өкінішке орай, денесінің 50% күйік шалған азаматтың өмірін дәрігерлер сақтап қала алмаған.

Сондай-ақ, денесінің 85% күйік шалған өзге зардап шегушінің жағдайы да ауыр деп бағаланып отыр.

Ал жарылыстан зардап шеккен үшінші адам ауруханадан үйіне шығарылған.

Еске сала кетейік, төтенше жағдай 10 қыркүйек күні  Мәртөк трассасы бойындағы "Sinooil" компаниясының жанар-жағармай сақтау қоймасында  болған. Жанар-жағармай таситын жүк көлігі қойма ішінде атылып, жанында тұрған екі оператор күйіп қалған.  Ал тек қолынан жарақат алған жүк көлігінің жүргізушісі бір күннен кейін ауруханадан шығарылды.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар