Басты жаңалықтар
Димаш қытай қызымен не себепті сүйіскенін түсіндірді
- автор kyn.kz
- 17 қыркүйек, 2018
- 275
Әнші: Махаббат деген — әлемдегі ең ұлы сезім
Бұл туралы Sputnik Қазақстан басылымы жазды.
Жуырда Қытай режиссерлері Димаш туралы кішігірім фильм-бейнебаян түсірді. Түсірілім продюсері әлеуметтік желіде осы бейнебаянға қатысты Димаштың айтқан пікірін де ұсынды. Онда Димаш Құдайберген бұл бейнебаянды түсіруіне не себеп болғанын түсіндіреді.
"Махаббаттан өзге қандай тақырыпты көтерген дұрыс деп ойлайсыз?! Ең ерекше сезім махаббат қой. Бұл махаббатты аңсап жүргендерге, оны сезініп үлгергендерге де, махаббатын тапқан және махаббатынан айырылған жандарға да әсер етеді. Бір-бірлеріңізбен бақытты өмір сүрсін деген ниетпен осындай кішігірім көріністі дайындаған жайымыз бар", — деді ол.
Әрі қарай қазақстандық жұлдыз махаббатты қалай түсінетінін айтып берді.
"Махаббат деген — әлемдегі ең ұлы сезім. Оның шегін ешбір адам сезініп көрмеген шығар деп ойлаймын. Өйткені, оның көкжиегін көзбен көру жеткіліксіз. Оны сезіну, тұнығына дейін түсіну — үлкен өнер. Осы ұлы сезім әрқайсыңыздың жүрегіңізде ұяласын деген ниетім бар. Өмірлеріңіз сыйластыққа, махаббатқа, жылулыққа толы болсын", — деді Димаш Құдайберген.
Естеріңізге сала кетсек, осы кішігірім туындыдан кейін жанкүйерлері әншіні қытайлық арудан қызғанып қалған еді. Тіпті, Димаш шетелдік қызға ғашық болып, сол жаққа кетіп қалуы мүмкін деп жорыды.