Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Танымал отандық әнші тыңдарманның сұрағына дөрекі жауап беріп, жұртқа жақпай қалды

Танымал отандық әнші тыңдарманның сұрағына дөрекі жауап беріп, жұртқа жақпай қалды
ашық дереккөз
Әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, оқырманымен кикілжіңге тап болды
Әнші желідегі парақшасында тікелей эфирге шығып, әдетінше  қолданушыларының сұрақтарға жауап беріп отырды. Алайда өз сұрағына жауап ала алмаған желі қолданушысының бірі “басқа нәрсе айтпай, сұраққа жауап берсеңші” деп төтесінен қойды. Бұндай мінез танытқанына ашуланған әнші “бұл жерден көзіңді құрт” деп ұрысып тастады. “Осы еркектерге не жоқ екен? Бәрін менің жеке өмірім қызықтырады-ей?” деп таңғалды Алтынай Жорабаева. Желі қолданушыларының бірі әншінің реніші орынды екенін айтты, енді бірі қандай жағдай болмасын өнер адамына олай дөрекі жауап беруге болмайтынын айтып жатты. Әншінің ашуланғанына таңғалып, сұрақтарын қойып жатты. Айта кетейік, кейіннен әнші бұл видеоны парақшасынан өшіріп тастады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар