Басты жаңалықтар
Әлихан Смайылов Қаржы министрі болып тағайындалды
- автор kyn.kz
- 18 қыркүйек, 2018
- 238
Астана қаласының әкімі қызметіне тұрған Бақыт Сұлтановтың орнын Әлихан Смайылов басты
Жаңа министр бұған дейін мемлекет басшысының кеңесшісі болып қызмет атқарған. Тағайындаудан кейін ол бұл қызметінен босатылған.
Смайылов мемлекеттік қызметте 19 жыл бойы жұмыс істеген тәжірибелі маман. Ол Статистика комитетінде еңбек еткен, сонымен бірге біршама уақыт қаржы вице-министрі қызметін атқарған.
Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс Қаржы министріне Әлихан Смайыловтың кандидатурасын бірауыздан қолдаған еді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қаржы министрі болған Бақыт Сұлтанов Астана қаласының әкімі болып тағайындалған болатын.