Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жамбылда бойжеткен жігітіне несие алып беріп, қайтармағаны үшін өзіне қол салды

Жамбылда бойжеткен жігітіне несие алып беріп, қайтармағаны үшін өзіне қол салды
ашық дереккөз
Марқұмның туыстары енді жігітті сотқа беріп, қыздарының қалған қарызын өндіруге кіріскен.
Бұл туралы КТК арнасы жазды. Жамбыл облысының тұрғыны 29 жастағы бір баланың анасы  Әйгерім Молдатаева  туыстарына айтпағанымен достарына 27 жастағы сүйіктісіне талай мәрте несие алып бергенін айтқан екен. Құмар ойынына әуес жігіт соңғы кездері қызға қарызын бөліп төлеудіде қойған екен. Бес миллин несиені қалай төлеймін деп қорыққан әйел соңында өзіне қол салудан басқа амал таппаған сыңайлы. Бұл қарызы жөнінде марқұмның туыстары тек қайғылы жағдайдан кейін ғана білген. Әйгерімнің жақындарының айтуынша, көңіл қосқан жігіті көп несие алдырып, ақыры төлемей кеткен. Соның салдарынан қыздары күйзеліске түсіп, өзіне қол жұмсаған. Енді  марқұмның туыстары оның кездесіп жүрген жігітін сотқа беріп, қарызын өтеуді талап етуде. “Бұл жерден  200 мың алыпты. Ақшалай алған. Тауармен алғаны 300 мың. Тауар деп рәсімдеген, бірақ ақшалай алған. Ең соңғысы Каспиден млн. алған ғой. Сонда кредиттердің бәрін қалай бере берген түсінбеймін. Оның арасында құрбыларынан алған”, – дейді анасы Жеңісгүл Молдатаева. Қазаға жігіттің өзі әкесімен бірге келіп, көңіл айтқан. Олар 2 жарым млн теңгені төлегенбіз, басқасына біздің қатысымыз жоқ деп отыр.  width= Жәбірленуші тарап 5 млн теңге өндіруді сұрап, сотқа арызданғанымен қылмыстық іс тоқтатылған. “Қазіргі таңда осы дерек бойынша қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты, ҚР ҚК 35-бабы, 1 бөлігі, 2 тармағымен қылмыстық іс өндірістен толық тоқтатылды”, – дейді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова. Жәбірленуші тарап сотқа қайта шағымданбақ ниетте.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар