Басты жаңалықтар
Майғазиев тойда қазақ әншілерін менсінбеген өзбек азаматының жағасынан алды.
- автор kyn.kz
- 19 қыркүйек, 2018
- 519
Сәкен: Келсін елімізге, өнерлерін көрсетсін. Бірақ, олар бізді сыйлауға міндетті.
Сәкен Майғазиев Шымкентте болған тойлардың бірінде қазақ эстрада әншілігінің ардагері «Дос-Мұқасан» тобына мұрын шүйіре қараған "Ялла" тобының дыбыс режиссерін сабасына түсірген. Әнші өнердегі ағаларын мысқылдай сөйлеген азаматпен төбелесе жаздапты.
Бұл туралы әнші "Ел аузында" бағдарламасында баяндап берді.
«Бір күні өзіміздің «Ялла» тобының ағаларымен, дыбыс режиссерімен кездесіп қалдық. Аты аңызға айналған топтардың бірі. Біздің «Дос-Мұқасанмен» тең ансамбльдердің бірі деп жүгіріп, амандасып жаттық. Сонда дыбыс режиссері тойды ұйымдастырушы азаматтардың біріне келіп: «Қашан біз?» – деді. Сосын ол: «Қазір «Дос-Мұқасан» шығады, сонан кейін сіздер», – деді.
Сонда дыбыс режиссері: «Мыналар ма?» – деп сұрады. Менің қаным басыма шапты. Жағасына жармастым. «МузАрттағы» жігіттер куә оған. «Сен кімсің? «Дос-Мұқасан» біздің аңызымыз. Сен неге олай айтасың?» – деп қаным басыма шапты», – дейді әнші.
Сәкен майғазиев шетелдік әншілердің елімізге келіп өнер көрсетуіне қарсылығы жоқ екенін атап өтті. Тек құрмет болса, дейді ол.
«Құрмет жоқ. Келгеннен кейін, ең болмаса құрметтесе екен деген тілек бар. Қазақ халқының даралығын, даналығын, кемеңгерлігін, қонақжайлығын айтып мақтанса екен деймін», – дейді Сәкен Майғазиев.