Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Үлкен адамды қалай сыйлау керектігін көрсетейін: ММА балуаны жедел-жәрдем жүргізушісін ұрған алматылық жігітті жекпе-жекке шақырды (видео)

Үлкен адамды қалай сыйлау керектігін көрсетейін: ММА балуаны жедел-жәрдем жүргізушісін ұрған алматылық жігітті жекпе-жекке шақырды (видео)
ашық дереккөз
ММА балуаны Сәбит Жүсіпов Алматыда жедел-жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жыққан ер адамды сынап, оны жекпе-жекке шақырды 
Желіде тарап кеткен бейнежазбада ММА балуаны Сәбит Жүсіпов Алматыда жедел-жәрдем жүргізушісіне қол көтерген ер адамды жекпе-жекке шақырады. "Егер сен балуан болсаң, әрі ересек адамдарға қол көтерсең, онда кездесейік. Маған қол көтеріп көрші? Мен саған жолақың мен медициналық тексеріске кететін шығыныңды өтеуге дайынмын. Тіпті осы үшін Алматыға баруға да әзірмін. Рингта болсын, жалпы қайда болса да, саған үлкен адамдарды қалай сыйлау керектігін көрсетемін", - деп айтты.

Естеріңізге сала  кетейік, күні кеше Алматыда белгісіз азамат жедел-жәрдем көлігінің жүргізушісін ұрып тастаған еді. Зардап шеккен ер адамға амбулаторлық көмек көрсетілді.

Кейін белгілі болғандай, көлік жүргізушісін 28 жастағы түрік азаматы ұрып кеткен екен. Қазіргі таңда, азаматтың үстінен "Тәртіпсіздік" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар