Ән айтпаған иті ғана қалды: Қатал сынға ұшыраған Қайрат Нұртастың інісі жұртқа жауап қатты (видео)
- автор kyn.kz
- 19 қыркүйек, 2018
- 706
Қайрат Нұртастың інісі Заңғар қазақстандық шоу-бизнеске енді ғана қадам басқанның өзінде , көптің сынына ілігіп үлгерді. Жұртшылық жұлдызды отбасыдан шыққан жігіттің әншілік өнеріне риза еместігін желіде ашық түрде білдіре бастады. Алайда жас әншінің оларға айтар жауабы да дайын екен.
"Мен бәріне әлі дәлелдейтін боламын. Жаман пікірлер маған әсер етпейді. Мен даусым бар екенін көрсетемін, әлі шығар асуым көп" , - деп айтты ол.
Жұрттың сынының астында қалып қойған Заңғарды өз жанұясы да ақтап әлек болды.
"Ән айтуды қылмыс деп санамаймын. Көшеде жатып арақ ішіп жатқан жоқ қой. Енді қалмағаны ит-мысықтары ән салады деген пікірлерді де көргем. Әу демейтін қазақ жоқ, сол себепті оның ән айтқанында ұят нәрсені көріп тұрғам жоқ" , - деп айтты Гүлзира Айдарбекова.
Қайрат Нұртастың өзі де інісіне өз қолдауын білдіріп, тыңдайтындарды ғана тыңдауға кеңес берді.
https://www.instagram.com/p/Bn4HYF6FUhg/?utm_source=ig_web_copy_linkҰқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




