Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақшасын аямай төлеймін: Қарақат бала күтушісіне қандай талаптар қоятынын айтты

Ақшасын аямай төлеймін: Қарақат бала күтушісіне қандай талаптар қоятынын айтты
ашық дереккөз
Үнемі гастрөлдік сапарлармен шетелде жүретін отандық әнші бала- шағаны сеніп тапсыратын адамды табу қиынға соғатынын айтып берді
“Ол кезде ғаламтор болған жоқ. Әрі ғаламтор арқылы бала күтушісін іздеген дұрыс емес деп ойлаймын. Әрине, бірінші кезекте таныс-туыстардың арасынан іздейсің. Туысың болмаса да, туысыңдай болып жақын адамыңа айналған адамдардың кеңесіне жүгіне отырып, солардың нұсқауымен таптым”, – деп Қарақат көп жылдан бері балаларына қамқор болып келе жатқан Сәуле есімді көмекшісіне алғысын білдірді. Әншінің айтуынша, өнер адамдарының жұмыс кестесі әр кезде әртүрлі. Сондықтан да оларға тәуліктің кез- келген уақытында баласына қарайтын адам қажет. Сондықтан да тәрбиешіге талап та жеңіл емес. Есесіне Қарақат бала күтушісінің ақысын аямай төлейтінін де айтты. “Ақшаны жақсы төлеймін. Нақты алатын қаламақысы өз алдына, оның сыртынан жасағым келетін дүние жетерлік. Өйткені мен оны шын көңілмен, ниетпен жасаймын. Ол маған мүлдем шектеу қоймайды, яғни осындай уақытқа дейін бола аламын немесе бола алмаймын деп. Өзінің жеке басының көп сылтауларын айтса, өнер адамдарына өте қиын. Адам болғаннан кейін өз жоспары бар, бірақ менің ыңғайыма қарайды. Мен кеткенде қалу керек пе, қалады. Студияда не болмаса басқа жұмыстар шығып қалған кезде еш уақытта: “Менің кетуім керек, қашан келесіз?” – деп айтпайды”, – деп түсіндірді Әбілдина.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар