Басты жаңалықтар
Головкин «Канелодан» жеңілгеннен кейін спорттан шеттетілді
- автор kyn.kz
- 19 қыркүйек, 2018
- 741
Бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альварестен жеңілгеннен кейін спорттан уақытша шеттетілді.
Бұл туралы Sports.kz порталы жазды.
Невада штатының Атлетикалық комиссиясының шешімімен Геннадий Головкин 31 қазанға дейін шаршы алаңға шықпайтын болды. Ал «Канело» 15 қарашаға дейін спорттан шеттетілді. Аталған шара спортшылардың жекпе-жектен кейін қалпына келуі үшін қолданылады.
Айта кетсек, 16 қыркүйекте Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да 12 раундқа жоспарланған Головкин-“Канело” жекпе-жегі болды. Кездесуде кімнің жеңіске жеткенін төрешілер шешіп, ұпай саны бойынша жеңісті "Канелоға" берген еді.
(115-113, 115-113, 114-114). Осылайша, отандасымыз Геннадий Головкин спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тауып, орта салмақ дәрежесіндегі WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылды.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




