Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қуанышы ұзаққа созылмады: Альварес Головкиннен тартып алған белбеуінен айырылды

Қуанышы ұзаққа созылмады: Альварес Головкиннен тартып алған белбеуінен айырылды
ашық дереккөз
IBO-ның санкциялық жарнасын уақытылы төлемеген Сауль Альварес титулынан айырылып қалды
Сауль Канело Альварес отандық боксшы Головкинмен жекпе-жектегі жеңісінен кейін екі күн өткеннен соң әлем чемпионы титулынан айырылып қалды. Головкин Альвареспен рематчта жеңіліске ұшырап, оның WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы белбеулері қарсыласына өткен еді, бірақ олардың барлығы бірдей мексикалық боксшыға берілмеді. Альварес Халықаралық бокс ұйымына (IBO) санкциялық жарнаны төлеуден бас тартқаны белгілі болды, осылайша бұл титул бос қалды. "Канело" WBA Super, WBC әлем чемпионы белбеуін, WBC арнайы белбеуі мен The Ring журналының белбеуін иеленді. GGG – "Канело" екінші кездесуінде Головкин төрешілер шешімімен жеңіліске ұшырады. Боксшылардың алғашқы жекпе-жегі тең есеппен аяқталған болатын. Қазақстандықтың бас бапкері Абель Санчес кейінірек үшінші жекпе-жек 2019 жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін екенін хабарлады.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар