Қыз: Мен бақыттымын, күйеуімді бақытты ету үшін бәріне дайынмын.
Малайзияда мұсылман дінін ұстанған ер адам кәмелет жасына толмаған қызды екінші әйелі етіп алды.
44 жастағы ер адам мен 15 жасар қыздың некесі Келантан штатындағы ислами сотпен расталып, рұқсат берілген. Қалыңдықтың әкесі қызын кедейліктен құтқару мақсатында күйеуге бергенін ашық айтқан.
Қыз әкесінің кеңесіне құлақ асып, күйеуінің жасына бәріне өз разылығын білдірген.
«Бақыттымын әрі күйеуім бақытты болу үшін қолымнан келгенді жасауға дайынмын», – деген қыз өз сөзінде.