Басты жаңалықтар
217 оқушы сабақта болған: Павлодар облысында мектеп өртеніп кетті
- автор kyn.kz
- 21 қыркүйек, 2018
- 716
Павлодар облысы Иртышск ауылындағы орта мектепте сабақ уақытында өрт шықты
Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 21 қыркүйекте сағат 11.30-да №3 мектептің екі қабатты ғимаратында өрт шыққан.
Өрт бірінші қабаттағы техникалық персонал отыратын бөлмеден басталыпты.
"230 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның 217-сі бала. Өрт 10 минуттан кейін ауыздықталды. Ал 50 минуттан кейін толық сөндірілді", — деп хабарлайды департаменттегілер.
Абырой болғанда, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




