Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қостанайдағы түрмеде жазасын өтеп жатқан аса қауіпті рецедивист қылмыскер қашып кетті

Қостанайдағы түрмеде жазасын өтеп жатқан аса қауіпті рецедивист қылмыскер қашып кетті
ашық дереккөз
Қырғызстандық полиция Қазақстандағы колонияда жазасын өтеп жатып қашып кеткен аса қауіпті қылмыскерді іздеп жатыр
Қырғызстанның Ош қаласында құзырлы орган қызметкерлері аса қауіпті  қылмыскер Жылдызбек Бекмұрзаевты іздеуде. Белгілі болғандай, ол Қостанайдағы қоныс колониясынан қашып кеткен. Қылмыскер қарақшылық, зорлау және тонау қылмысы үшін бұған дейін бірнеше рет сотталған. Ал қазіргі таңда өткен жылы шекараны заңсыз өтіп кеткені үшін жазасын өтеп жатыр. Қырғызстанның ішкі істер министрлігі қылмыскерді экстрадициялауды сұрайды, бірақ қазақстандық сот оны жарты жылға қоныс колониясына жібереді. Қырғыздың құқық қорғау органдарының мәліметінше, Бекмұрзаев Қазақстандағы колониядан қашып кетіп, еліне оралып, жаңа ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. Қазақстанның ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қылмыскер колониядан қашып кетті деген ақпаратқа түсініктеме берді. Комитет өкілдері Бекмұрзаевтың Қазақстанда сотталғанын растады, бірақ бір мәселені нақтылап өтті.

"Ол қашып кеткен жоқ. Бұл жазаны өтеуден жалтару болып табылады, яғни ол қоныс колониясынан кетіп қалды. Заң бойынша бұл "жалтару" деп аталады, қашу емес. Жабық түрмеден қашады, ал бұл жағдайда ол жазасын өтеуден жалтарды", — деді Қазақстан ІІМ комитет баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымжан Хасенов.

Қырғызстанның тергеу органдарының айтуынша, Бекмұрзаевтың жаңа бандасы биыл мамыр-шілде айларының аралығында адам өлтіріп, тонап, бірнеше қылмыс жасаған. Тамызда Бекмұрзаевтың сыбайластарының бірі ұсталды. Кеше Ош қаласының шетінде патруль жасап жүрген полиция қызметкерлері Бекмұрзаевқа ұқсайтын ер адамды байқайды. Тәртіп сақшылары одан құжаттарын көрсетуді сұрайды, бірақ бейтаныс адам сөмкесінен қаруға ұқсайтын зат алып шығып, полицейлер жақындаса атамын деп қорқытады. Осыдан кейін күдікті көлікке мініп қашады және соңынан қуған полицейлердің көлігін қиратады. Дегенмен, қылмыскер алысқа қашып кете алмайды, оның "Мерседесі" шалшыққа батып қалған. Сонда да ол берілмей, көлігін тастап, жүгері алқабының арасына кіріп жоқ болады. Полицейлер алқапты қоршап тастады, қаладан шығатын жолдар қатаң бақылауға алынды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар