Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қуат Найман Үкіметтегілерге: Рухани жаңғырмай-ақ, оқушыларды кітаппен қамтып алыңыздар

Қуат Найман Үкіметтегілерге: Рухани жаңғырмай-ақ, оқушыларды кітаппен қамтып алыңыздар
ашық дереккөз
Спортшы осы күнге дейін отыздан астам отбасының балаларына мектеп кітабын сатып алып берген
Бокстан әлем чемпионы, кәсіби спортшы Қуат Найманнан жанкүйерлерінің бірі  баласына кітап алып беруін өтініпті. Мектеп оқулығын ала алмай жүрген ана шыр-пыр болып, он бес мыңдық оқулыққа қолғабыс болуын сұрапты. Оған қатысты боксшы былай деп жауап берді: "Мен 10. 20, жарайды 30 балаға көмектесе алам, бірақ бізде көмекке мұқтаж миллионға жуық отбасы бар ғой. Кітап мәселесі оқушыларды жылдар  бойы мазалап келеді. Бұрын мектепте оқып жүргенімізде, бізге міндетті түрде оқулықтар берілетін.  Ал қазір не болды? Неге кітаптарды ата-аналардың өздері сатып алу керек? Бүгінде көпбалалы отбасылар өте көп. Олар қайтеді сонда? Неге біздің депутаттар мен министрлар бұл мәселені шешпейді. Үнемі "Рухани жаңғыру", "Балалар біздің болашағымыз"  деп айғайлап жүресіздер, Қайдағы Рухани жаңғыру? Егер біз өзіміздің халқымызды қарапайым заттармен қамтамасыз ете алмасақ?!"-деп ашуланды спортшы. https://www.instagram.com/p/BoEMEVvH6Pp/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар