Басты жаңалықтар
Мәңгілік махаббатына ән арнаған Гүлнұр Оразымбетова көпті сүйсінтті (видео)
- автор kyn.kz
- 25 қыркүйек, 2018
- 293
Әнші шығармашылығында алғаш рет күйеуіне ән арнап, романтикалық бейнебаян түсірді
“Мәңгілік маxаббатыма арналып жазылған ән. Бүгіннен бастап жаңа бейнебаяным сіздерге жол тартты! Маxаббатты қанша жырласақ та ол шетсіз, шексіз сезім. Менің де көптен ойлап жүрген маxаббат әні дүниеге келді. Музыкасын жазған талантты да супер композитор Ұшқын Жамалбек, сөзі Нұрбол Ибраевтікі”, – деді әнші. .
Гүлнұр Оразымбетова аталған әнге бейнебаян түсіруді көп ойланбастан бұл салада тәжірибесі мол продюсер Гүлнұр Мамасариповаға сеніп тапсырды. Бейнебаяндағы басты рөлді Гүлнұрдың өзіне беруді осы продюсер ұсыныпты. Ал шынайы сезімді жеткізе алатын актер деп Азиз Бишеналиевті таңдапты.
“Басты рөлде өзің ойна деген ұсынысы мен үшін күтпеген дүние болса да, келістім. Себебі өз жүрегімнің иесін мен ғана сезем, білем ғой. Клипте екі адамның арасындағы сезімнің ұзақ уақыт бойы өмір сүргені жайлы. Бір-біріне деген адал, таза, пәк сезімі баяндалды. Бірақ маxаббат болған жерде бірге өмір сүру бар ғой.
Барлығыңызға сүйген жаныңызбен мәңгілік бірге болуды жазсын. Осы әнді тыңдап, бейнебаянды көрген адамның жүрегі “лүп” етері сөзсіз. Актерды да Гүл әпше таңдады. Азиздің нағыз проф-актер екені бәрімізге белгілі, бірақ клипте бой көрсетуі алғаш рет десе де болады. Раxмет, Азиз, өзіңнің сьемкаларыңның арасында уақыт бөлгенің үшін”, – деп атап өтті Гүлнұр Оразымбетова.
https://youtu.be/IXmeka00zvU