Басты жаңалықтар
Жігіттер ,сендер шірік, сорлы адамсыңдар: Кәсіпкер Қайрат Құдайберген Байзақованың жүктілігіне қатысты ойын білдірді
- автор kyn.kz
- 25 қыркүйек, 2018
- 501

Айжан Байзақованың жүкті екені туралы жаңалық кешелі бері желіде жарияланып, жұрттың қызу талқысына түсіп жүр. Кәсіпкер бұған қатысты өзінің сыни пікірін айтты
“Айжан Байзақова жүкті екен деген жаңалық кешеден бері жария болды. Доллар курсы емес, дизель бағасы емес, 5 қазақстандық азаматтың силикон алқабына іс-тәжірибеге кеткені де сөз емес. Инстаграмды құрған Кевин Систром мен Майк Кригердің Facebook пен Instagram-нан кеткені де журналистерге Байзақованың жүктілігіндей қызық болмады. Сорақысы – бұл хайп тағы да қоғамды екі топқа бөлді, Айжанды жақтаушылар мен даттаушылар.
Желі қолданушылар арасында “салдақы, кімнен туатынын да білмейді”, “Әкесі кім? Кезекке тұр” деп жатқандар, сендер шірік, сорлы адамсыңдар. Байзақова өзін қалай ұстайды, өзінің мәселесі. Ал, әлі өмірге келмеген бала жайлы осылай айту төмендіктің белгісі.
“Қазақтар, қазақстандықтар, бауырлар, кез келген жағдайда адам болып қалайықшы. Әйелдердің деңгейіне түспейікші. Біздің тәртібімізден дәрежеміз көрінеді емес пе? Екі аяқтың ортасындағы мүшелеріңіз сіздердің еркек екендеріңізді білдірмейді. Соны есте ұстаңыздар”, – дейді Қайрат Құдайберген желіде.
https://www.instagram.com/p/BoI4jsIjrVO/?utm_source=ig_web_copy_link
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қазақстанда ерлі-зайыптылардың ажырасуы төмендеген
- авторТомирис Тоныкөк
- 15 қыркүйек, 2025
Басты жаңалықтар
Семейде заманауи жабдықталған үш полиция бекеті ашылды
- авторkyn.kz
- 14 қыркүйек, 2025