Басты жаңалықтар
Айқын: Бірінші отбасым үйленгеніме еш ренжулі емес
- автор kyn.kz
- 25 қыркүйек, 2018
- 255
Әнші алда екі отбасын қосып елдің алдында үлкен той жасамақшы
Айқын Төлепберген Қазақстан Ұлттық арнасындағы "Түнгі студия"бағдарламасына берген сұхбатында бірінші отбасының өзіне деген көзқарасы жайлы сұраққа жауап берді.
Жеке өмірі жайлы сұрақтардан қашқақтаған әнші жүргізушінің соңғы сауалдарынан қашып құтыла алмады. Ол бірінші отбасының өзіне деген көзқарасы оң екенін аздап сенімсіздеу айтса да халықты сендіруге тырысып бақты.
"Бұл менің сүйікті үшінші ұлым. Есімі Санжар. Ұлдарым туралы, балаларым туралы көп нәрсе айта аламын. Бірақ әйелдерім туралы айта алмаймын", - деп ағынан жарылды.
Оның айтуынша, бірінші отбасының оған еш реніші, өкпесі жоқ.
"Ең бастысы, бірінші жанұя еш ренжулі емес. Бәрі жақсы, өмір сүріп жатырмыз. Бақыттымыз. Бұл - жанұямның бір бөлшегі. Қалған нәрсені мен айтқым келмейді. Алла қаласа, келесі тойды барлық балаларыммен бірге жасаймыз", - деді ол.