Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әуелбекова шаңырағының шайқалу себебін жылап отырып баяндап берді

Әуелбекова шаңырағының шайқалу себебін жылап отырып баяндап берді
ашық дереккөз
Әнші: Ұлым 5 айлық кезде әкесі бізді тастап кетті, қазір ұлым нағашысын әке деп атайды
Мөлдір Әуелбекова 31 арнадағы "Айта берсін" бағдарламасына отбасы мен жеке өмірі туралы алғаш рет ашылып сұхбат берді. Әншінің сөзінше ұлының әкесі отбасын тастап із- түзсіз кеткен. тіпті ұлы туған әкесін қазір көрсе танымайды да екен. “Ажырасып кеткенімізге 1,5 жылға таяп қалды. Ол балам екеумізді тастап кетті. Қазір енді таңғалатын заман емес қой. Қазір маған айту жеңілдеу, ол кезде әрине қиналдым. Отбасын тастап кетіп жатқан азаматтар жеткілікті. Қазір бәрі оңай. Не істеймін енді? Тағдырым солай. Күткен уақытым болды. Отбасы деген бірінші орында, киелі ұғым деп тәрбиеленгеннен кейін күткенім рас. Баламның әкесі ғой бәрібір. Баланың әкесіз өскені жақсы емес, бала толыққанды отбасында өсуі керек. Басында үміттеніп, күткен болатынмын. Бірақ жоқ. Балам бұзық емес, ерке. Нағашы апасы мен атасының қолында өсіп жатыр. Көзін аша салып “ата” дейді. Түрінен көрініп тұрған шығар, балам әкесіне ұқсайды. Бірақ әкесін мүлдем көрмейді. Әкесі іздемейді, келмейді, сұрамайды. Біраз уақыт болды, әкесін танымайды. Өйткені Салтай 5 айлық кезінде әкесі бізді тастап кеткен. Ол кезде мүлдем бала еді ғой, қазір көрсе де есінде қалмаған шығар. Қара шаңырақта тұрып жатқан жалғыз інім, өзінің қызы мен ұлы бар. Кешке жұмыстан келгенде ол екеуі “әке” деп жүгіріп шығады. Енді бала көргенін істейді. Ол да әкесі деп ойлайды. Үшеуі бірге жүгіріп шығады. Інім де өте балажан, көп қыдыртады. Өзі жуындырып, айранын беріп отырады. Қалай болса да, папамыз бар.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар