Басты жаңалықтар
Экс-министр Бишімбаевтың зәулім коттеджі енді "Мәдениет үйі" болмақ
- автор kyn.kz
- 26 қыркүйек, 2018
- 273
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтің 80 миллион теңге тұратын хан сарайындай үйі ендігі кезекте балалардың өнер орталығы атанбақшы
Көптен бері елдің қызу талқысына түсіп жүрген экс-министрдің зәулім сарайы енді мәдениет үйі болмақ. Бұл нақты ақпарат.
Алайда, қазір қамауда отырған шенеуніктің үйінің жағдайы мәз емес. Жaрық үзілген, қaбырғaдағы зaттaрды шaң басқан. Сондықтан бұл коттедж күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етіп отыр.
Ендігі кезекте бұл үй 30 мыңдай тұрғыны бар Қосшы ауылының өнер үйіне айналмақ. Мұнда балақайларға арнайы эстрадалық, вокалдық, фольклорлық, ән, би үйірмелерін ашу жоспарланған.
Бұл хабар ауыл тұрғындарының төбесін көкке жеткізді. Себебі, аталмыш елдімекенде мәдениет үйі деген атымен жоқ көрінеді.
"Ауылдағы бұл жаңалыққа шын қуанған тұрғындар оның бұрын кімдікі болғанын білгісі де келмейді", - деді Целиноград аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Сүйінжанова. Айта кетейік, экс-министрдің хан сарайындай үйі 80 млн теңгеге бағаланған екен.