Басты жаңалықтар
Сонша мақтанып не болды?: Қайрат Нұртас жұрттың алдында оңбай ұятқа қалды (видео)
- автор kyn.kz
- 26 қыркүйек, 2018
- 714
Отандық танымал әнші Қайрат Нұртастың оқырмандары оны асқан мақтаншақтығы үшін сөгіп тастады
Өзінің желідегі парақшасына жариялаған видеосында Қайрат Нұртас көлікте әйгілі "Титаник" әуенін тыңдап отырғанын көрсеткен. Алайда бейнежазбаны түсіруші адам бар назарды әншінің қымбат сағатына аудартқаны байқалады.
Қайта-қайта сағатын көрсетпек болған Қайрат Нұртас желіде өз оқырмандарынан сөз естіп қалды. Көпшілік шоу-бизнес жұлдызының қылығын мақтаншақтық пен тәккапарлық деп таныған.
Ашуға бой алдырған желі қолданушылары өз ойын жасыра алмай, бар пікірлерін жазбаның астына жаудырған.
"Тағы да понт қой, сонша мақтанып не болды?", "Есіріп, тағы да мақтанып отыр ғой. Бар екен байлығыңыз білдік", "Тым асыра мақтаншақтық сізге жараспайды да", "Қайық жетіспей тұр саған. Нағыз Титаник боласың сол кезде" , - деп жазды оқырмандар. https://www.instagram.com/p/BoHK1kkBtdQ/?utm_source=ig_web_copy_linkҰқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




