Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Он бес секунд ілініп тұрды: Елордалық азамат құлаған баланы қалай қағып алғанын айтып берді

Он бес секунд ілініп тұрды: Елордалық азамат құлаған баланы қалай қағып алғанын айтып берді
ашық дереккөз
Оныншы қабаттан құлап кеткен баланы  бір қабат төмен тұратын көршісі қағып алып, анасына аман-есен тапсырды
Астана тұрғыны көпқабатты үйдің балконынан төмен қарай құлдилаған жасөспірімді қалай құтқарып қалғанын айтып берді. Оқыс оқиғаны куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алған болатын. Үйде жалғыз қалған 6 жастағы бала сырт киімдерін киіп, балкон арқылы далаға шығуға бел буады.  Жасөспірім, тіпті, москит торын  пышақпен кесіп, алып тастаған. Балконнан асып, төмен қарағанда қорқып кетсе керек, "көмектесіңдер" деп айқайлапты. Сол сәтте 9-қабатта тұратын Артем Караев  балконға шығып, қабырғаға ілініп тұрған баланы көреді. Енді  тұрғындар көршісінің ерлігін полицейлер ескерусіз қалдырмауы тиіс дейді.

"Бала шамамен 15 секундтай ілініп тұрды да,  үш метрдей  төмен қарай құлады. Мен уақытылы қағып алып үлгердім.  Өз балконыма кіргіздім. Аз әңгімелестік те,  бірге далаға шықтық.  Сөйтіп  аман-есен анасының қолына тапсырдым", — дейді Астана қаласының тұрғыны Артем Карев.

https://www.instagram.com/p/BoI8beCDWGP/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар