Автобуста өздерінің әкімдерін қала тұрғындары бірден таныпты.
Қала әкімдігі де аталған жайтты растап отыр. Олар әкім таңғы сағат 8-де Сортировкадан шығып, бір жарым сағаттан кейін "Оңтүстік-шығыс автобекетінен" түскенін айтқан.
Кейін анықталғандай, қала әкімі қолданысқа беріліп жатқан жаңа автобусты тексерген екен.
Айта кетерлігі, аталмыш маршрут қазан айының 1-інен бастап Сортировка Майқұдық арасында жүреді екен. Шаһар басшысы Нұрлан Әубәкіровке аталмыш бағытта автобуспен жүруді облыс әкімі Ерлан Қошановтың өзі тапсырған екен.