Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ұят нәрсе емес: Мәдина өзін ашық-шашық киінеді деп сөккендерге жауап қатты

Ұят нәрсе емес: Мәдина  өзін ашық-шашық киінеді деп сөккендерге жауап қатты
ашық дереккөз
Осыдан бірнеше күн бұрын желіге өзінің тым ашық суреттерін жүктеген Мадина Сәдуақасованы оқырмандары  сынап тастаған еді. Соған байланысты әнші  сыни пікір айтқан оқырмандарына жауап берді
Әнші ашық киінуінің бірден бір себебі – фотосессия деп түсіндірген. Ол сондай-ақ, мұндай образдан еш қысылмайтынын жеткізген.
"Ұят нәрсе емес. Ашық-шашық түгі де жоқ. Мүмкін көрермендерге солай көрінген шығар. Бірақ ондай образда суретке түсудің еш әбестігі жоқ деп ойлаймын. Әр әйелдің түрлі образдары болады емес пе?",-деп жауап берген әнші.

Эстрада жұлдызы тіпті осыдан 5-6 жыл бұрын бұдан да өткен образда фотосессия өткізгенін мойындаған. Әншінің айтуынша, елдің сыни пікіріне ол әбден үйренген көрінеді.

"Бұдан да зор фотосессия жасағанмын. Бірақ, осы суреттер осыншалықты дау шығарады деп ойламаппын. Бұрын осылай сынағанда жүрегіме жақын қабылдаймын, тіпті жылайтынбыз. Қазір үйрендік, танымал алам болған соң, ондай сын да болады деп ойлаймын",-дейді өнер иесі.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар