Басты жаңалықтар
Аштықтан өліп жатты: Қазақтың басынан өткен нәубетті өз көзімен көрген кейуана әңгімесімен көпті елжіретті (видео)
- автор kyn.kz
- 29 қыркүйек, 2018
- 273
Танымал отандық әнші Жазира Байырбекова жасы 100-ге жақындаған әжесінің әңгімесін желіге салып, жұрттың көзіне жас келтірді
Бүгінде жасы 97-ге келіп қалған кейуана 1932 жылғы ашаршылық туралы айтып берді.
“А”, “б” деген әріпті білмеуші едім. 1932 жылы ашаршылық болды. Ол кезде әке-шешеммен Алматыда тұрдық. Алматыдан Боралдайға келгенде өліп жатқан адамдарды көрдік. Мына адамдар мас боп жатыр ма? Неге құлап жатыр? – десем анам: – Сорлы балам, ашаршылықтан өліп жатыр, жейтін тамақ жоқ, – деді. Жылап жібердім, онда мен оқымаған едім, көзімнен жас ағып кетті”, – дейді әжей.
https://www.instagram.com/p/BoN4TdKhlpQ/?utm_source=ig_web_copy_link
Сондай-ақ өнер иесінің әжесі бүгінгідей бейбіт заманды көргеніне қуанышты екенін де айтты. Кейуананың айтуынша, қазақ халқы бұдан асқан рахат өмірді еш уақытта көрмеген.
“Мұндай өмірді көргенім жоқ. Осы күнге жеткеніме бақыттымын. 97 жасқа келіппін, менің көрмегенім жоқ. Енді халқымыз аман болсын”, – деп тілегін білдірді әжей.
https://www.instagram.com/p/BoN75eLhNcA/?utm_source=ig_web_copy_link
Желі қолданушылары әжейдің әңгімесін естіп, жылап қалғандарын атап өтті.
“Жүректі ауыртып, көзге жас келтіретін әңгіме екен. Отанымыз тыныш болсын”, “Әжеу, жылаттыңыз ғой. Ата-бабаларымыздың қадірін қазір кім біліп жатыр? Қайран қазағым-ай”, – деп жазды оқырмандар.