Басты жаңалықтар
Мемлекет басшысы шымкенттіктердің еңбекқорлығына тәнті болды
- автор kyn.kz
- 29 қыркүйек, 2018
- 827
Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке барған іс-сапарында халыққа қызмет көрсету орталығы, көші-қон және АХАЖ бөлімі орналасқан қызмет көрсету орталықтарының жұмысын көріп келді
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Нұрсұлтан Назарбаев халыққа мемлекеттік қызмет көрсету ісінің сапасын арттыру және жеделдету үшін цифрландыру бағдарламасын жүзеге асырудың маңызды екенін ерекше атап өтті.
“Шымкент ірі мегаполиске айналады. Мұнда жаңа жобалар іске асырылуда. Шымкенттіктердің еңбекқорлығы – қаланы дамытудың кепілі. Жұмыстың ең маңызды бағыты – шағын және орта бизнес. Оны дамыту үшін тиісті қолдау көрсету қажет”, – деді Қазақстан президенті.
Сондай-ақ, елбасы мегаполистегі тұрғын үй құрылысының және әлеуметтік инфрақұрылымының жоспарымен танысты. Назарбаевқа қала нысандарының құрылысы және қайта жөндеу жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




