Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атыраулық жігіт өзі зорлаған қыздарды "масқаралаймын" деп қорқытып келген.

Атыраулық жігіт өзі зорлаған қыздарды "масқаралаймын" деп қорқытып келген.
ашық дереккөз
24 жастағы жігіт қыздармен танысып, төсекке тартқан. Кейіннен суретіңді жариялап жіберемін деп бопсалаған.
Атырауда күштеп жыныстық қатынасқа түсті деген күдікпен 24 жастағы жігіт  ұсталды.
Жігіт өзімен интимдік хат жазысқан әйелдерді жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген, олардың арасында жас қыздар да болған, деп хабарлады "Ақ Жайық". Полицияның мәліметінше, ер адам әлеуметтік желілер арқылы әйелдермен танысып, олардың кейбірінен жалаңаш түскен фотосуреттерін алған, сосын менімен жыныстық қатынасқа түспесең, хаттар мен фотосуреттерді Интернетте жариялаймын деп бопсалаған. Қылмыскер осындай жолмен бір жылда бірнеше қызды құрығына түсіріп, пайдаланған, оның ішінде 18 жастағы студент пен 15 жасар оқушы да бар. Қыздар ата-аналарына бәрін айтып берген, ал олар құқық қорғау органдарына хабарласқан. Ұсталған жігіт тергеу абақтысына жабылды. "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабы бойынша алдын ала тергеу басталды.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар