Қоғам
Еліміздің мектептерінде 7-сыныптан бастап жаңа пән енгізілуі мүмкін
- автор Томирис Тоныкөк
- 9 сәуір, 2025
- 1.2k

Асылов жасөспірімдер заңды білу арқылы тәртіпке үйренетінін айтты
Бас прокурор Берік Асылов мектеп оқушыларына 7-сыныптан бастап жаңа «Заң және тәртіп» атты жаңа пән енгізуді ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, қазіргі қоғамда жасөспірімдер ауыр қылмыс жасап жатыр. Бұл заңды дұрыс білмейтінінің нәтижесі көрінеді.
«Бүгінде жасөспірімдердің біразы өкінішке қарай, ауыр қылмыс жасап жатыр. Олар төбелестен бастап ауыр қылмысқа дейін барады. Алайда олардың көбі заңды бұзғанын білмейді. Олар қылмысы үшін жауапкершілікке тартылатынын түсініп жүрген жоқ. Сондықтан оқушылардың құқық жайлы сауатын арттыру үшін жаңа пән қосуды сұраймыз», — деді Берік Асылов.
Асылов жасөспірімдер заңды білу арқылы тәртіпке үйренетінін айтты.