Берденов әйеліме тыныштық бермеді деген тағы бір шымкеттік ел алдына шықты
- автор kyn.kz
- Бүгін, 06:58
- 3.6k

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары бір ай бұрын елімізге танымал сайт Ulysmedia-ға кеңінен сұхбат берген еді. Ол өзі, жұмысы, Қазақстан мен қазақты қалай жақсы көретінін айтып көпшілікті өзіне қаратты. Өйткені оның сөзінен шынымен де Бэтменнің ерлігін көруге болатын еді.
Сол кезде дәл осы сұхбатты тыңдаған шымкенттік " Менің әйеліме екінші әйелім болшы деп жүрген адам. Ойламаймын бір жақсы адам деп. Соған бола ажырасып кеттік" деп жазған.
Журналист Самал Ыбыраева бұл сөздердің авторынан рұқсат алып, содан кейін ғана оны дүйім жұртқа айтып отырғанын жеткізді.
Руслан Берденовті әкімдік алдында атқан кезде бірінші себеп "Әйеліме қырындады" деген сөз айтылған. Кейіннен бұл әкімдік баспасөзімен жоққа шығарылып, Берденовтің әріптестері мен достары қайғылы жағдайды сәл болмағанда "оның ел үшін адал қызметіндегі жемқорлар әрекеті, солардың қастандығы" дей жаздады.
Ал көпшілік оқ атқан адамның алғашқы сөзін іліп әкетіп, "Сол себепті де шенеуніктің бел тұсынан атқан" деген сынды өз пікірлерін жаудырды.
Осы мәселе шыққан кезде белгілі заңгер Айгүл Орынбек "Шымкентте Украинадан қыздар әкеп демалатын әкім қараларды өзім білемін" дегенді жазған еді. Ал енді бұның барлығы қаншалықты сәйкестік?