Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте үй тазалауға келген әйелді пышақтап өлтірген 11 сынып оқушына қатысты сот басталды

Шымкентте үй тазалауға келген әйелді пышақтап өлтірген 11 сынып оқушына қатысты сот басталды
Сурет: жеке архивінен
Шымкентке әйелді азаптап өлтірген оқушыға қатысты сот отырысы басталды.

Шымкентте үй жинауға келген әйелді өлтіріп, денесін қоқыс жәшігіне тастаған 11 сынып оқушысына қатысты сот басталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Тергеу мәліметінше, жасөспірім марқұмның мәйітін қорлады деген күдікке де ілініп отыр.

Айыпталушы осы жылдың шілде айында Шымкентке құрылыс жұмысына келген. 21 шілде күні жалдамалы пәтерде жалғыз қалып, Telegram арқылы «Шымкент жұмыс» тобына «Үй жинайтын қыз керек» деген хабарлама жариялаған.

Жарнамаға жауап берген 26 жастағы Диана Оңғарбаева үйді тазалап болған 15 мың теңге еңбек ақысын сұрағанда, айыпталушы пышақ сұққан дейді. Желкесі, кеңірдегі, бүйір тұсы мен алақанынан алған есепсіз жарақаттан 26 жастағы келіншек жан тапсырды. Артынша 16 жастағы оқушы мәйітпен жыныстық қатынасқа түскен дейді прокурор.

Сараптама оның денесіне 10-нан астам жарақат түскенін анықтады.

Марқұмның денесі 10 күннен кейін қоқыс маңынан табылды. Прокурордың айтуынша, күдікті әйелдің телефонын сатып жіберген. Оның үстінен үш бап бойынша қасақана кісі өлтіріп, оны қорлап, мүлкін иемденіп алу баптары бойынша іс қозғалған. 16 жастағы үйінде бес баланың ортаншысы екен. Қазір ол 11-сынып оқуы керек еді.

Марқұмның анасы Қарлығаш Оңғарбаева полицияны салғырттық танытты деп айыптап, күдіктіні өмірбақи түрмеге қамауды талап етті. Ал айыпталушы өлтіргенін мойындағанымен, мәйітті қорлады деген айыппен келіспей отыр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар