Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тойларына ойыншық машина мен кукла алып беріңдер: Бесіктен белі шықпай отау тігіп жатқан 15 жастағы қос ғашық елді елең еткізді (видео)

Тойларына ойыншық машина мен кукла алып беріңдер: Бесіктен белі шықпай отау тігіп жатқан 15 жастағы қос ғашық елді елең еткізді (видео)
ашық дереккөз
Отау тіккен оқушылардың тойы ел аузында жүр. Бірі енді ғана мектеп бітірсе, енді бірі әлі оқушы бола тұра, отбасылық өмірге қадам басып, жұрттың назарын аудыртты, деп жазады KYN.KZ. Желіде Қазақстан өңірлерінің бірінде 2005 жылғы жігіт пен 2008 жылғы қыздың үйлену тойының бейнежазбасы тарады. Оны көрген жұрт жағасын ұстап, бас қосып жатқан екі жастың әлі өздерінің бала екенін жарыса жазып жатыр. Кейбіреуі оларды өздерімен салыстырып, өзінің қартайғанын айтса, кейбірі қазақтың санын көбейтетінін тілге тиек етті. Тіпті аталған тойға ойыншық машина мен қуыршақ сыйлауды ұсынғандар да бар. «Түрлеріне қарасаң, өздері шок боп тұрған сияқты ғой. Удостоверение барма хотя бы», «Тойларына ойыншық машина мен кукла алып беріңдер», «Ойбуууу, мыналар өздері бөпе ғой», «Жастар бақытты болсын!!! Жақсы тілек тілеп қойыңыздар, ағайын. Қазағым көбейіп жатыр», «Ерте, бұл есуастардың миына жетпей тұр ақыл», - дейді желідегі жұрт. https://youtube.com/shorts/jn-XOU4evDw?feature=share
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар