Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шу тұрғыны күйеуінен көрмеген ләззатты таксиші мен жолсеріктен көргенін айтты

Шу тұрғыны күйеуінен көрмеген ләззатты таксиші мен жолсеріктен көргенін айтты
ашық дереккөз
Шу тұрғыны жылдар бұрын басынан кешірген ұмытылмас оқиғасын айтып берді. Оның сөзінше, 30 жылдан аса уақыт бұрын сауда жасау мақсатында Бішкекке бара жатқан жолда еркінен тыс әрекетке барған, деп жазды KYN.KZ. Тоқсаныншы жылдардағы жоқшылық кім-кімнің болмасын есінде шығар. Отбасын асыраймын деген жұрттың бәрі сол кездері базар жағалап кетті емес пе. Мен де күйеуім үйде сопиып әрекетсіз отырып қалғандықтан, «Бішкек қайдасың» деп, пойызға мініп, жолға шығып кеттім. Көршім Шолпан коммерсант еді. Неліктен екені есімде жоқ, біз жол жүретін кезде билет бола қоймады. Содан Шолпан: «Біз проводникпен келісіп жүре береміз ғой», - деп билеттің жоқтығына еш алаңдамады. Купеге орналасқан менен басқа үш әйелдің бәрі де саудагер. Егде тартқан Маша тәтей (аты осылай болғанымен, өзі қазақ) жайма базарда киім сататын көрінеді. Шолпанның сататыны - ыдыс-аяқ, ұсақ-түйек. Маша тәтей дегеніңіз желіккен адам екен, жол бойы арақ-сыра ішіп, қалжың айтып, зеріктірмеді. Мезгіл түн болғанда, ортаға тағамдарды толтырды да, проводник жігітті шақырып келді. Арасында оған: «Мына Ғалия қандай сұлу қыз, ойнап-күлсеңдерші», - деп мені нұсқап қояды. Мен ұялып барамын. Бастапқыда жолсеріктерімнің көңілдерін қимай, «ақтан» ұрттаңқырап отырғанмын. Бара-бара көбірек ішейін дедім. Бірсыпыра отырдық. Бір уақытта жанымдағылар ұйқыға жатты. Әлдебір станцияға тоқтаған кезде проводник шығып кеткен. Мен де ұйқыға жаттым. Бір уақытта пойыз орнынан қозғалып, үйреншікті «түк-түгіне» басты. Осы мезгілде жаныма біреу қыстырылып жата кетті. Ып-ыстық қолы денемді балқытып бара жатқандай. Қарасам, жігіттік жасағысы кеп тұрған әлгі проводник екен. «Қой, ұят болады», - дедім. «Жүр, ұйқың келмесе, менің купеме барып әңгімелесейік, жол ұзақ», - деді ол. «Бармасам, осы жерде мазамды алып, келе беретін шығар» деген оймен оның купесіне бардым. Үстіңгі сөреде еңгезердей біреу қорылдап жатыр. Проводник сөзге келместен, мені құшақтап, сүйе бастады. Алпамсадай денесімен жеңіп бара жатыр. Шыны керек, менің табиғатыма әлгінің әрекеттері ұнап, денем соған икемделіп әкетіп бара жатқан сияқты. Бір уақытта киімсіз қалдым. Ол өз дегенін жасады. Бастапқыда оны қаламасам да, нәпсім өз дегенін істеп, ұятты іске жол беріп қойдық. Осы уақытқа дейін әйелдік парызымды өтедім дегенім болмаса, күйеуімді жақсы көріп, қалап көрмеппін. Және дәл осындай ләззат алмаған екем. Өне бойыма бір ерекше нұр құйылды. Шу стансасынан түсіп қалған соң, таксиге міндік. Боранбай атты таксишінің көлігіне отырдық. Қырықты алқымдап қалған азамат екен. Бішкектің базарларын аралатып, жұмысымызды бітірді. Менің жүгім аз болып, басқалардікі Боранбайдың көлігіне сыймайтын болды да, олар қайтарда үлкенірек көлікке мінетін болды. Мен Боранбаймен Бішкектен Шуға жалғыз кеттім. Жолда түрлі әңгіменің басын шалдық. Бір уақытта Боранбай көлігін жол шетіне доғарды да, далаға шығып келді. «Сен маған кешеден бері ұнап қалдың. Көңілім кетіп отыр», - деп тіземе алақанын салды. Қағып жібердім. «Мен күйеуі бар әйелмін», - дедім қатқыл дауыспен. «Мен сенімен қайтсем де болам. Сен үшін бағана көлігіме артық жолаушы да алғам жоқ», - деді. «Осы жолғы таксиші мен проводник атаулы маған үйір болғаны несі?» - деген ойға кеттім. Денем тоңып, бір суып, бір ысыды. Боранбай бірдеңе деп отыр. Бір уақытта юбкамның етегін түріп жіберді. Киімдерімді шешуге ыңғайланғанда, денемді ток ұрғандай болып кетті. Әлгіні жек көріп тұрсам да, қимыл-қозғалысы жаныма жағып барады. Бір уақытта өзі шешіне бастады. Мұнысын көріп тіпті дегбірім қашты. Сөйтіп ол да өз қалауына жетіп тынды. Проводникпен арадағы оқиға ішімдіктің салдарынан болды десек, мынауым не енді? Әлде «бәрібір зорлайды» деп, айтқанына көне салдым ба? Айдаладағы Бішкектің жолында қайда қашып құтылатын едім? Бір қызығы, осы ұят жағдайдан, ерсі оқиғаның екеуінен де ерекше ләззат алдым. Бұл сезімдерді күйеуіммен бірге ешқашан басымнан кешкен емеспін. Кей әйелдер «мен феминиспін, фригидпін, суықпын» деп, төсекте ләззатқа жете алмайтынын айтып жатады ғой. Менде де болады. Күйеуіммен төсек қатынасына барғым келсе де, денем қатып мелшиіп қалатын кездер. Ондай кездерде үстімнен төніп тұрған еңгезердей таксиші, пойыздағы проводник есіме түсіп кетсе, ғажайып күй кешем.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар