Басты жаңалықтар
Алматыда әскери институттың 1-курс курсанты өлі күйінде табылды
- автор kyn.kz
- 3 наурыз, 2023
- 592
Алматыда Құрлық әскерлері Әскери институтының 1 курс курсанты өлі күйде табылды. Ол оқу орталығының қарауылдық постында тұрған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады. Аталған дерек бойынша соталды тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді. Қарулы Күштердің қолбасшылығы мен жеке құрамы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады» деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Түркістан облысында газдандыру: нақты нәтиже мен жүйелі жоспар
- авторkyn.kz
- 29 наурыз, 2026




