Басты жаңалықтар
Астанада әйел желі арқылы тапқан "сүйіктісіне" 91 млн теңге беріп, алданып қалды
- автор kyn.kz
- 3 наурыз, 2023
- 275
Ер адам жәбірленушімен әлеуметтік желіде хат алмасу барысында оны ұнатып қалғанын жеткізген, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Сондай-ақ өзін банкроттық сатыда тұрған зауыт директорымын деп таныстырып, шындыққа жанаспайтын мәліметтерді, соның ішінде жақын туыстарының қайтыс болғанын хабарлап әрі қолма-қол ақшаға өте мұқтаж екенін айтып сендірген.
Өз кезегінде жәбірленуші белгілі бір уақыт аралығында оған онлайн-банктік аударымдар арқылы әр түрлі сомада ақша аударып отырған. Осындай қылмыстық іс-әрекеттерінің нәтижесінде Т. жәбірленушіге 91,6 млн. теңге сомасында аса ірі мөлшерде материалдық залал келтірген. Залал өтелмеген.
Ер адамның іс-әрекеттері алаяқтық, яғни ақпараттық технологияларды қолдана отырып бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде ұрлау ретінде сараланды.
Апелляциялық шағымында сотталған адам тағайындалған жазаны жеңілдетуді, асырауында кәмелетке толмаған 5 баланың бар екенін, зайыбының жұмыс істемейтінін, сондай-ақ денсаулық жағдайын ескеруді сұрады. Алайда сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.