Басты жаңалықтар
Айжұлдыз экс-күйеуі мен бұрыңғы ата-енесіне алғысын айтты
- автор kyn.kz
- 3 наурыз, 2023
- 575
Блогер: Назардың әкесі сияқты пысық болғанын қалаймын
Жанар айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында баласының әкесі мен оның отбасы жайлы айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Мен аяғым ауыр кезде, отаға түскенімде, баланы қолыма алып босанған сәтімде оның әкесі жанымда болған жоқ. Ол кезде қарым-қатынас, байланыс түгел тоқтаған еді. бал бірге толатын кезде ғана мен барлығына дайын болып, әкесіне ұлды көрсетемін деп шештім. Өзім смс жазып, кездесуге шақырдым. Содан бері қалаған уақытында кездеседі, көріп тұрады",-деді Айжұлдыз Адайбекова.
Одан бөлек журналист блогерден экс-ата -енесі жайлы сұрады.
"Ол кісілерге қазір рақметімді айтамын. Қазір маған бәрібір, барлығымен жақсы сөйлесеберемін, араласамын. Олар маған үнемі сыйлықтарын жолдап тұрады. Меніңше бұл дұрыс. Баланы қандай да бір түсініспеушіліктерге орай өзі босанған әйелдерге айтарым, барлығына ашусыз, кекшілденбей қарау керек. Себебі реніш өз өміріңізді құртады. Ал баланы өз әкесі мен бауырларымен араластырмай қою дұрыс емес. Араласаберсін. Оның жақсы қасиетін, менің жақсы қасиетімді көріп өссін. Әкесінің өз жеке өмірі, менің өз жеке өмірім бар. Бірақ ол балаға ешқандай қиындық тудырмауы керек. Балаға әкесін немесе шешесін жамандап көңілін ауырту дұрыс емес. Керісінше мен қазірдің өзінде Назардың пысықтығын байқаймын. Әкесі сияқты болаберсін. қайда ол оның артығырақ тұсы деп білемін",- деді Айжұлдыз.