Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Желі қолданушылары есек көкпар ойнаған ауыл балаларына қызықты (видео)

Желі қолданушылары есек көкпар ойнаған ауыл балаларына қызықты (видео)
ашық дереккөз
Ата-ана: Қазіргі қала балалары болашақта мына ойынды "жабайылық" деп санауы мүмкін
Желі қолданушысы  Тараз қаласының маңындағы  Тәжібай ауылының балалары ойнаған есек көкпардан видео таратты. Онда автор балалардың физикалық тұрғыдан мықты екенін айтады. Бұл ойынды ойнау кез-келген арнайы залдағы дайындықтан бірнеше есе артық екенін жеткізді. Сөзінше көкпар ойнаған баланың ойлау жүйесі, жоспар құруы, физикалық бұлшық еттерінің пісуі, психологиялық батылдығы артады, деп жазды KYN.KZ тілшісі.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от KYN.KZ (@kyn.kz)

Ал, желі қолданушылары болса видеодағы балаларды қала балаларымен салыстырды. Кейбірі тіпті тіршілік қамымен ойлауға да мұршасы болмай жүрген қамсыз бала күнін есіне алды. "Қаланың балалары ауылдан қол үзсе тура мына ойынды жабайылыққа балайтыны анық", "Шіркін, несиені төлеу үшін бар күшті салып жұмыс істейсің, төленген күні бір күн қуанып, келесі айдың қамына көшесің. Осындайда мына балалар сияқты ойнап жүрген кезің көз алдыңнан кино картинкасындай өтеді екен", " Балаларымды апарып, мыналардың арасына қосып жіберсем бекен а?", деген сынды пікірлер көп болды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар