Басты жаңалықтар
Артур Ерке мен Раймның махаббатын Наргизден жасырып әбден сергелдеңге түскенін айтты
- автор kyn.kz
- 10 наурыз, 2023
- 523
Артур: Екеуімен де жақсы дос болдым. Ортада не істерімді білмей қалдым
Артур Даулетияров НТК арнасына берген сұхбатында Raim мен Еркенің қарым-қатыснасына байланысты бірнеше сұраққа жауап берді, деп жазды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Көпшілікті қызықтырған "Raim мен Еркенің қарым-қатынасы қай уақыттан басталды?" деген сұраққа да жауап берді.
"2018 жылдың соңында танысты. Біз Павлодар қаласында өткен концертке бірге бардық, бір автобуста отырдық. Ерке желіге жариялаған сурет сол автобуста түсірілген. Олардың қарым-қатынасы махаббатқа ұласады деп күтпедім. Өмір ғой бұл. Өзінің өмірі, таңдауы. Мен оны сөге алмаймын”, – деді Райымбектің досы.
Артур бұл жұптың қарым-қатынасын елден жасыру айтарлықтай мәселе болғанын да айтып қалды.
“Бізге қиын болды. Өсек бекерден-бекер шықпайды ғой. Сұхбат барсында менен сұрайды. Бірақ барынша айтпай, жасыруға тырысатынмын. Райымға қиын болды деп ойламаймын. Себебі ол өз өмірін жария қылатын адам емес”, – дейді өнер иесі.
Сұхбат барысында Raimның экс – ғашығы Наргиз туралы да сөз қозғады.
"Наргизбен жақсы араласамыз. Бір кездері Райымның қызы, команданың мүшесі болды. Қазір жұбайымның құрбысы. Ол да бір күнде жұлдыз болып кетті, тіпті бұлай танымал болып кететінін өзі де білген жоқ. Наргизді қолдайтындар көп. Райым бір жағынан бауырымдай адам, ал Наргиз жақын досым. Наргизбен достығымызға Райым себеп болды. Сол себепті Райым мен Еркенің қарым-қатынасын Наргизден жасыруға тура келді және қиын болды. Бар шындықты айтқанымда екі жақпен де қарым-қатынасым бұзылатын еді”, -деп өз ойын аяқтады.
Келесі мақала