Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бойжеткен өзіне дуа жасалғандықтан, тұрмысқа шыға алмай жүргенін айтты

Бойжеткен өзіне дуа жасалғандықтан, тұрмысқа шыға алмай жүргенін айтты
ашық дереккөз
Жігіттер менен неге қашады?
Сәлеметсіздер ме. Мен 26 жастамын Алматы қаласында тұрамын. Есімімді құпия күйде сақтасам. Қазір жоғарғы оқу орындарының  бірінде сабақ берем, одан басқа репетитор болып жұмыс жасаймын. Менің жеке өмірімнен жолым болмады. Қанша жігітпен таныссамда, бәрі жоғалып кетеді. Не істесем екен? Жасымда келіп қалды. Отбасымда тезірек "тұрмысқа шық",-деп мазамды алады. Осындай мәселеммен KYN.KZ ақпарат агенттігінің "Үшбухат" айдарына хат жазып, ақыл-кеңес сұрауға шешім қабылдадым. "Танысқан жігіттерім бір - екі рет кездескен соң хабарласпай кетеді. Бойым 1.70, салмағым 48 кг семіз де емеспін, бір жігітке жар болар түрім де баршылық. Бірақ, неге екенін білмеймін жолым болмая қойды. Менде комплексте пайда бола бастады. Анама "магистратура бітіргенше тұрмысқа шықпаймын" деп едім, Алла нәсіп етсе осы жылы магистратураны бітірем. Туысқандарымда "тұрмысқа шығуға әрекет жаса, мәнсап қуып жүріп қалма",- дейді. Тіпті, бірге жұмыс істейтін апайда баласымен таныстырып еді, олда хабарласпай кетті. Анасына "Ұнады, сүйкімді, ақылды қыз екен, өзін- өзі ұстауы, мәдениеттілігі ұнады, бірақ, бірдеме одан алшақтатып тұрған сияқты",- деп айтыпты. Шыңдап қорқайын дедім. Тұйықталып кеттім. Кездесуге шақырған жігіттерге шығуға жүрексініп қалдым. Құрбыларыммен де кездесуден қашатын болдым. Мектеп бітірген жылы базарда бір сыған әйел: "Қызым, сенің жолыңды байлап тастаған, бақытсыз өтсін деп алдыңнан тұз шашқан, маған 2 түрлі жіп әкел ашып берейін жолыңды, сенен ат пен түйенің құнын сұрамаймын ғой" дегенде мән бермеген едім, енді сол ойымнан кетер емес. Расымен де өмірде дуа жасату деген нәрсе бар ма? Бар болса қалай қайтаруға болады? Балгерлерге баруға қорқам. Қандай ақыл айтасыздар?", - деп ойын аяқтапты. Елге сабақ боларлық өмірлік тәжірибеңіз, басыңыздан өткен жағдай болса KYN.KZ  сайтына тиесілі мына номердің   +7 777 084 09 65 WhatsApp қосымшасына хат жолдаңыз.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар