Балаға жедел түрде ота жасалды
Павлодарда тік ішегі бітеу бала туды. Дәрігерлердің айтуынша, бұндай жағдай мыңның бірінде ғана кездеседі. Ақ халаттылар оған күрделі операция жасап, тік ішегін қалпына келтірді. Сәби туғанда өңеші мен асқазаны да бір-біріне байланыспаған. Оған да операция жасалып, өңеш пен асқазан арқылы тік ішекке баратын жолды ашқан.
Бұл ауру медицинада «өңеш атрезиясы» деп аталады. Павлодар облысында өткен жылы осындай 5 жағдай тіркелген. Дәрігерлердің сөзінше, бұл ауруды сәби туғаннан кейін 36 сағат өтпей операция жасаса ғана, баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бар. "Бала енді операциядан кейін реанимацияда болды. Реанимацияда жатқанан кейін баланы отделениеге ауыстырып, мамасына бердік. Мамасы омырау емізіп, бақыладық. Емдедік до конца. Сондықтан баланы амбулаторлық емдеуге жібердік. Бақылап жатырмыз",-деді Облыстық балалар ауруханасының дәрігері Жандос Мусин.