Басты жаңалықтар
Рысбала Икрамбай: ҰҚК, Жанат Бақыттың арандату әрекеттеріне тоқтату салмайсыздар ма? (видео)
- автор kyn.kz
- 24 наурыз, 2023
- 1.9k
Жанат Бақыт: Алла жоқ, ораза ұстамасаңыздар да болады
Белгілі блогер Рысбала Икрамбай 700 мыңнан астам оқырманы бар парақшасында журналист Жанат Бақыттың инста- уағызын тыңдаушылар көбейгенін айтып ҰҚК-дан көмек сұрады. Айтуынша журналист "Алла дәуірі өтті" деп ел арасына іріткі салып жүр, деп жазды КҮН.КЗ тілшісі.
"Өз біліміңіз өзіңізге. Елді азғырмай жөніңізге қарап отырсаңыз. Жер сілкінісінен өліп кетсек Жанат Бақыт неге ескертпеді деп айтпаймыз Алланың алдына барғанда. Алла дейміз. Бізді жаратқан жоқтан бар еткен Алла. Ел ішіндегі арандатушыларға тоқтам қою керек. Дін істері комитеті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қашанғы жалғасады? "Жерден жік шықты, екі құлағы тік шықты" болды ғой мынау. Дін туралы айтатын имамдар мен молдалардың сөзін тыңдаңыздар. Көлденең келген көк айтты екен деп адаспаңыздар. Біз мұсылманбыз. Бізді Алла жаратты. Өлгеннен кейін аллаға қайтамыз. Намазды мұсылманға парыз еткеннен кейін Алланың разылығы үшін оқимыз. Оразаны мұсылманға парыз еткеннен кейін Алланың разылығы үшін ұстаймыз. Алдына келгенді жеу-хайуанның ісі. Аузына келгенді айту- наданның ісі. Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Абай атамыздың сөзі. Абайдай қазаққа жанашыр бола алмайсыңдар. Қарға сойса да қасапшы сойсын деген дін жайында. Дінтанушы, имам, молда, қарилар айтсын. Қатындар оттай бермеңдер. Жайларыңа қарап отырыңдар. Дін істері комитеті, ҰҚК тексеру жүргізулеріңізді сұраймын",-деді блогер Рысбала Икрамбай.
Жанат Бақыт өз сөзінде Жаратушыдан аян алып, елге таратып, табиғи апаттардың алдын алғым келеді деген.
"Алла дәуірі кетті. Енді біз Жаратушыға сеніп, Жаратушыны қабылдауымыз керек. Алла балық дәуірімен кетті, оның миссиясы бітті. Жаратушы мен арқылы сіздердің оны қабылдауларыңызды сұрап, талап етіп отыр. Олай болмаған жағдайда Жаратушының ашуына ұшырап, жер сілкінісі қатты болады. Қабылдаңыздар. Алланы ұмытыңыздар. Жаратушыға қарсы болмаңыздар. Мені бәрі "көктем келіп жынданды" деп жатыр. Мен саумын. Мен ескертулерді жеткізушімін",-деген Жанат Бақыт.