Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Raim концертке жиналған дүйім жұрттың көзінше Ерке Есмаханды жылатты

Raim концертке жиналған дүйім жұрттың көзінше Ерке Есмаханды жылатты
ашық дереккөз
Қос ғашықтың махаббатына куә болған ақ тілектерін жаудырды
Көпшіліктің сынын елемей шаңырақ көтерген Ерке мен  Raim тағы да елдің назарында. Бұған себеп болған тағы да Raim. Әнші  өзінің шығармашылық кешінде 2018 жылдан бергі  жұбайымен түскен суреттерді үлкен экраннан көрсетіп, Еркені қуантты деп, жазды КҮН.КЗ тілшісі. Ерке Есмахан  бұндай тосын сыйды өзінің Instagram парақшасында бөлісті. "2018 жылдан бергі суреттерді көріп, көзіме жас келді. Күйеуім, тосынсый үшін рахмет", деп жазды Ерке Есмахан. Естеріңізге сала кетейік Ерке осыған дейін өзінің жұбайымен қалай танысқандығын айтып жазба қалдырған еді. "2018 жыл, танысқан күні түскен ең алғашқы сурет. Сезім осы сәттен бастау алған еді. Суреттегідей екі жарты, бір бүтін болатынымызды сезбесек те, Алла бұйыртып, шешіп қойған екен. Бұл қызыққа, сынаққа толы махаббат туралы алдағы уақытта айтып берейін бе? Осы кезге дейін мен үндемесем де, Раим бәрін әнмен жеткізген екен сіздерге... Некеге апарар жол бізді көп адастырды", - деді Ерке Есмахан.  width=
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар