Басты жаңалықтар
"Полиция күдіктіні жауапқа тартпай отыр": Алматы облысында 40 жастағы көршісі 6 жасар қызын азғындап отырғанын әкесі өзі ұстап алды
- автор kyn.kz
- 28 наурыз, 2023
- 289
Қыздың анасы: Күйеуім адам аяғы сирек, салынып бітпеген үйден қызымның дауысын естіп, жетіп барған
Алты жасар қыздың анасы көршісінен келген зұлымдықтың қалай болғанын заңгерлерге айтып, көмек сұрап жүр. Өйткені, Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданындағы полиция ер адамды жауапқа тартпаған. Күйеуі екеуінің шағымы мен мәселесіне мән бермей отырған көрінеді, деп жазды КҮН.КЗ тілшісі.
"Алты жасар қызымды сол көрші, 40 жастағы ер адам бұл жағдайға дейін де үнемі үйіне шақырып тұрады екен. Балаға "кәмпит, компот берем" деп шақырып алады екен. Сол күні менің 6 және 3 жасар екі қызымды, өзінің 3 жасар ұлын ертіп алыпты. Әкесі екеуіміз оларды екі сағаттай іздедік. Адам аяғы сирек басатын, салынып бітпеген үйлер жаққа дейін бардық. Таппай қайтқалы тұрған кезде күйеуім қызымыздың дауысын естіген. Жүгіріп барса, ана кісі менің үш жастағы қызым мен өзінің кішкентай сөйлемейтін ұлын бір бөлмеге ойнатып қойыпты. Өзі үлкен қызымды аяғына отырғызып алып, аузынан сүйіп сондай азғындыққа барыпты. Тура сол жерде күйеуім кіріп барған",-дейді келіншек.
Әрі қарай не болғанын заңгер Айман Омароваға баяндап берген. Адвокат өз кезегінде Жамбыл аудандық полициясының істі қарамағанына ашынды.