Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Сахнада жүрмейсің" деді: Актриса Фариза Ескермес өзге ұлттың жігітін таңдауының себебін айтты

"Сахнада жүрмейсің" деді: Актриса Фариза Ескермес өзге ұлттың жігітін таңдауының себебін айтты
ашық дереккөз
Маған адамның ұлты маңызды емес, дейді әнші.
Көпшілікке "Джейран" тобы арқылы танылған әнші әрі актриса Фариза Ескермес "Қыздар-ай" бағдарламасында қонақ болып, көпшілікке сүйіктісінің өзге ұлт өкілі екені айтты, деп жазды «КҮН.КЗ» тілшісі. Өнер иесінің айтуынша, өзге ұлттың жігітін таңдауына махаббат себепші болған. "Ол менің өнерімді, болмысымда қабылдай білді. Маған қарсы келмеген. Әрдайым менің сөзімді тыңдайтын, сыйлайтын, қолдайтын және қолпаштайтын азамат. Сол мінезіне мен ғашық болдым", дейді актриса. Сондай-ақ, ол өзіне қазақ жігіттері ұсыныс жасағанын, бірақ өнеріне қарсы болғанын айтады. "Қазақ жігіттері өнеріме түбегейлі қарсы болды. Киноға түспейсің, сахнада жүрмейсің деді. Ал жігітімнің өнерге мүлдем қатысы жоқ. Ол концерт, той-томалақтарды ұйымдастырушы", -дейді өнер иесі. Фаризаның айтуынша, екеуін ортақ достары таныстырған. "Достарымыз таныстырды, екеумізді жүрсін деп емес, жай таныстырған. Карантин кезенде жай кездесу болды, сол кезде таныстық. Бірінші оның сезімі оянған. Сосын сөйлесепі, жақсы араласып кеттік. Жарты жыл дос болып жүрдік, одан кейін сезім пайда болды", - дейді ол.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар