Басты жаңалықтар
Шахизада сүйіктім деп таныстырған азаматтың жұбайы өз ақиқатын айтты
- автор kyn.kz
- 19 мамыр, 2023
- 510
Мереке:"Қатты ренжігенім бар"
Танымал әнші Шаһизада көпшілікке жігітім деп таныстырған азамат Ерболат Ержанбаев пен арасындағы қарым-қатынасын хайп екенін айтқан болатын. Желіні шулатқан бұл жағдайға байланысты Ерболаттың жұбайы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына келіп өз шындығын айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Мен білім саласында жұмыс істеймін. Ағылшын пәнінің мұғалімімін және психолог болып қызмет атқарамын. Желіні шулатқан оқиғаны жолдасымның өзінен білдім. "Сен жақсы түсін, түсінбей қалма" деп алдын ала өзі айтты.
Алланың берген үш ұлын тәрбиелеп отырмыз. Үлкеніміз биыл мүшел жасқа кіреді. Екіншісі 12 жаста, кішісі 7 жаста.
Бір аптадан кейін ұлым әлеуметтік желіге тараған хайп суретті әкеліп, "Мынау біздің әкеміз бе?" деп сұрапты. Балалардың жүрегі басқаша болады. "Сенің әкең бе?" деп сұраған ғой баламнан. Сол кезде қатты ренжігенім бар.
Әкесі күнде үйде болғаннан кейін, балалар қатты қабылдамады. Үлкен ұлдың не болса да, ішінде болды. Арасында "Анашым, сенде бәрі дұрыс па?" деп сұрап қояды", - деп жан сырын ақтарды әншінің жұбайы.
Айта кетейік Ерболаттың жұбайы сұхбат барысында Шахизадамен үш жылдан бері таныс екенін айтып өтті.
"Ерболат Шаһизада әпкені үш жыл бұрын таныстырған. Ол әпкені жақсы танимыз. Мен негізі адам баласы туралы жаман ойламаймын. Ол кісіні қалай бар, солай қабылдадым", - деді Ерболат Ержанбаевтың жұбайы Мереке.