Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Ана бейшара маралдың обалына, қарғысына қалсын": Желіде кер маралдың қанын ішкен видео тарады

"Ана бейшара маралдың обалына, қарғысына қалсын": Желіде кер маралдың қанын ішкен видео тарады
ашық дереккөз
Әлеуметтік желіде мүйізі кесіліп, қансырап тұрған маралдың видеосы тарады, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Желі қолданушыларының  жағасын ұстатқан жағдайға байланысты танымал журналист Нұрбек Бекбау пікірін білдірген еді. "Қай бабаң қан ішіп еді? Кер марал байғұс дір-дір етіп шошып тұр, ал мынау адамдар сорғалаған қанға стакан тосып мәз. Пайдалы болса, пайдалы шығар? Бірақ обал дегенді білу керекпіз ғой...Кәпір қытай боп кеттік пе, не пәлі?!!", - деп жазды ол. Желі қолданушылары болса: "Оңбағандар, жануардың обалына қалдыңдар","Малғұндар, Аллаһ бұлардың тірлігін реттесін. Ана бейшара маралдың обалына, қарғысына қалсын","Жануарға қатыгездік жасау бойынша қылмыстық іс қозғау қажет. 316 бап", деп ойларын ортаға салды.   
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар