Басты жаңалықтар
Роза Әлқожа қызының асқынған дертін білмей, отаны кеш жасағанын айтты
- автор kyn.kz
- 30 маусым, 2023
- 1.1k
Танымал эстрада әншісі Роза Әлқожа, не себепті қызына ота жасатқанын айтты , деп жазды KYN.KZ тілшісі.
«Қайырлы күн! Амал, ниеттеріңізді Алла қабыл етсін! Қиналғанда әлеуметтік желіде ел тілек қосса, көп тілеуі көбірек қабыл болатындай көрінеді маған! Екі күннен бері әрқилы күй кештік. Адамға оңашада түрлі ой келеді. Бәлекет аяқ астында… Екі-үш күн бұрын немере сіңлімнің ұлы әкесінің қасында ойнап жүріп химикат жеп қойып реанимациядан бір-ақ шыққан. Ойламайын десең де, әсер етеді, уайымдайсың. Қан қысымым көтеріліп әрең ұйықтағанмын.
Одан кеше мына қыздың қасында жататыным стресс болды. Жалпы, басқалар оңай қабылдайтын нәрсенің бәрі мен үшін қиын.
Бір жарым сағатта қызымды қатты сағындым. Жақсы ойлайын деп көңілімді басқа жаққа бұрсам да, ағзасы келешек үшін алысып жатқан құлыным қандай күйде екен деп алаңдап отырдым. Шүкір, ең бастысы ота сәтті өтті. Дәрігерлерге мың алғыс! Сіздерге рахмет тілекші боп жатқан!», - деп жазды Әлқожа
Сонымен қатар әнші отаны кеш жасағандарын, ауруды асқындармаған жөн екенін ескерді.
«Не болғанын сұрап жатқандарға: Екі мұрынына ет өскен. Соның кесірінен сол құлаққа сары су жиналған. Түнде аузымен демалып, қорылдап ұйықтайтын. Негізі оденоидпен алты жасқа дейінгі балалар келеді. Ет әбден өсіп, тамаққа жеткен екен, сол үшін ұзақ жасадық” дейді дәрігер. Сегіз жас деген үлкен екен. Біз болсақ, оны аквамариспен кететіндей көрдік. “Оқу біткен соң бір-ақ жасайық” деп создық. Қайран, қазақы көңіл-ай!
Жалпы, кішкентайлардың пицца, кола, гамбургер жеуіне қанша қарсы болсаң да, басқа тамаққа зауқы жоқ қой. Енді қаласа да бермеу керек болды. Ет өскеннің түбірі тамақта дейді. Екі апта жүгіруге, секіруге болмайды. Күтім керек деп бүгін үйге жіберді», - деп жазды әнші.